ҚазҰМУ Webometrics Ranking of World Universities рейтингінде жоғары орынды иеленді
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті еліміздің үздік университеттік сайттарының төрттігіне және әлемнің үздік университеттік сайттарының 11%- ына енді. Бұл бүкіл әлем бойынша 30 мыңнан астам жоғары оқу орындарды бағалайтын Webometrics Ranking of World Universities рейтингісінде жарияланған болатын.
Алғашқы үштікті еліміздің ірі көпсалалы университеттері иеленді: Назарбаев Университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Гумилев атындағы Еуразия университеті.
Жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингісінде ҚазҰМУ 30 мыңнан астам сайттардың арасынан 3862-ші орынға ие болып, басқа қазақстандық университеттерден әлдеқайда озып шықты.
ҚазҰМУ медициналық жоғары оқу орны бола отырып, Webometrics Ranking of World Universities рейтингінде қарқынды дамып келе жатқан елдердің әртүрлі ғылыми-білім беру орталықтарымен ғана емес, сонымен қатар басқа саладағы жоғары оқу орындарымен айтарлықтай бәсекелестігін көрсетуде.
Еліміздің қалған медициналық жоғары оқу орындары келесі тәртіпте орналасты:
- Астана медицина университеті – Қазақстан рейтингінде 28-ші орында, ал әлемдік рейтингте 10 950-ші орында.
- Қарағанды медицина университеті – Қазақстан рейтингісінде 50-ші орында, ал әлемдік рейтингте 14 689-шы орында.
- Семей медицина университеті – Қазақстан рейтингінде 69-шы орында, әлемдік рейтингте 16 894-ші орында.
- ҚазҮББУ – Қазақстан рейтингінде 70-ші орында, ал әлемдік рейтингте 16 908-ші орында.
- ҚРМУ – Қазақстан рейтингінде 91-ші орында, ал әлемдік рейтингте 19 705-ші орында.
Webometrics Ranking of World Universities халықаралық рейтингісі университеттердің жаһандық кеңістіктегі ықпалын бағалайды. Жоғары білім беру ұйымдарының қызметі оның нәтижелілігі, өзектілігі және сыртқы ақпараттық кеңістікте көрініс табуы тұрғысынан бағаланады.