ҚазҰМУ-да II Халықаралық Түрік Әлемі Ортопедия және Травматология Конгресі аясында суйек және жұмсақ тін ісіктері бойынша мастер-классы өтті
2019 жылы 13 қыркүйек күні Түрік Әлемі Ортопедия және Травматология Конгресі аясында ҚазҰМУ-да жас мамандарға арналған суйек және жұмсақ тін ісіктері тақырыбына мастер-классы өтті. Мастер-классты Түркияның онкология саласындағы жетекші мамандары өткізді: Проф. Д-р. Невзат Дабак, Проф. Др. Бюлент Эрол, Проф. Др. Ахмет Капукая, Доц. Др. Керем Айдын, Доц. Др. Явуз Арыкан и Доц. Др. Фатих Кучукдурмаз.
Мастер-классқа онкология, травматология, отбасылық медицина және жалпы тәжірибелік дәрігер мамандықтары бойынша резиденттер мен интерндер қатысты. Аталған мастер-класс университет студенттерінде үлкен қызығушылық тудырды. Түрік профессорлары сүйек және жұмсақ тін ісіктері туралы білімдерімен, тәжірибелерімен бөлісті. Мастер-класс соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. Түрік әріптестерімізге үлкен және жанқиярлық жұмыстары үшін алғыс білдіреміз.
Халықаралық ынтымақтастық басқармасы