ҚазҰМУ-да гистология кафедрасының 90 жылдығына арналған «II Халықаралық морфологиялық олимпиада» өтті
29.11.2022 С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде анатомия, гистология және патологиялық анатомия пәндері бойынша гистология кафедрасының 90-жылдық мерейтойына арналған II-Халықаралық морфологиялық олимпиада өткізілді. Қашықтықтан өткізілген бұл шараға 2-3 курс студенттері қатысты. Олимпиаданы салтанатты түрде ашып беру үшін академиялық жұмыстар бойынша университет проректоры Байльдинова Клара Жеңісқызына сөз берілді. Сонымен қатар мектеп декандары: «Жалпы медицина-1 мектебінің деканы» Измайлова Слу Хабибиевна, «Жалпы медицина-2 мектебінің деканы» Шопаева Гульжан Амангельдіқызы және «Халықаралық факультет деканы» Джардемалиева Нұржамал Жеңісқызы олимпиадаға қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді.
Халықаралық олимпиаданың негізгі мақсаты талантты студенттердің жолын ашып, олардың морфология саласындағы өзекті мәселелердің шешілу жолдарына бағыт беру, ғылыми қызығушылықтарын ояту және басқа университеттермен қарым-қатынасты күшейту болып табылады.
Олимпиадаға 150 ден астам көрермендер мен жанкүйерлер онлайн және офлайн форматта қатысып отырды.
Олимпиадаға қатысуға өтініш 7 командадан түскен болатын. Олар: “Астана медициналық университет”, Қазақстан, Астана қаласынан «Currenda» командасы; «Новосибирск мемлекеттік медицина университеті, Ресей, Новосибирск қаласынан «Pathos ethos» командасы; С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина Университеті, Алматы қаласынан «Men in white» командасы; «Б.Н.Ельцин атындағы Қыргыз-Ресей Славян университеті, Кыргызстан, Бишкек қаласынан «Na’Vi» командасы; «Қазахстан-Ресей Медицина Университеті», Қазақстан, Алматы қаласынан, «Сократ» командасы; «И.П. Павлов атындағы бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медициналық университет», Ресей, Санкт-Петербург қаласынан «Camino de scientia» командасы; Реавиз университеті, Ресей, Санкт-Петербург қаласынан «Мир Реавиза» командасы.
Әр команда өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Сонымен қатар өз университеттерінің намысын қорғау үшін бар мүмкіндіктерін пайдалана алды. Команданың жұмыстарына баға берген әділ қазылар алқасы келесі профессорлар мен оқытушылардан құралды.
Әділқазылар алқасының төрайымы Каспий университетінің Халықаралық медицина мектебі директорының орынбасары медицина ғылымдарының докторы, профессор Жолдыбаева Айсулу Алиевна – Комиссия мүшелері: РФ клиникалық және эксперименталдық ғылыми институтының ультрақұрылымдық лаборатория меңгерушісі биология ғылымдарының докторы, профессор Бгатова Наталия Петровна, Новосибирск қаласы. Медицина ғылымдарының кандидаты, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі доцент Рахманов Сапарғали Бекжанович, медицина магистры, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының патологиялық анатомия және гистология кафедрасының ассистенті Бабур Хантураевич. Медицина ғылымдарының кандидаты Миралеева Джамиля Исламчаевна Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының цитология, патологоанатомилық бюро бөлімінің меңгерушісі.
Аталған әділқазылар алқасының шешімімен олимпиаданың жеңімпаздары анықталды. 3-ші дәрежелі дипломды келесі Сократ, Pathos ethos, Na’Vi командалары өзара бөлісті. 2-ші дәрежелі дипломдар мына командаларға берілді: Currenda, Camino de scientia, 1-ші дәрежелі дипломды Мир Реавиза командасы иеленсе, Бас жүлде Men in white командасына бұйырды. Сондай-ақ келесі номинациялар бойынша дипломдар да табысталды. Самая креативная команда» – Pathos ethos, «Приз зрительских симпатий» – Camino de scientia, «Самый активный капитан команды» – Camino de scientia.
Олимпиаданың соңында «Жалпы медицина-1 мектебінің деканы» Измайлова Слу Хабибиевна және кафедра меңгерушілері С.Р. Қарынбаев атындағы топографиялық анатомия курсымен анатомия кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандитаты, доцент Ахмад Нургулим Сагидулловна, медицина ғылымдарының кандитаты, доцент, гистология кафедрасының меңгерушісі Ергазина Марал Жунусбековна, медицина ғылымдарының кандитаты, доцент, патологиялық анатомия кафедрасының меңгерушісі Балапанова Анар Хайыржановна қатысушылар мен жүргізушілерге алғыстарын айтып, жылы лебіздерін білдірді.