ҚазҰМУ-да Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні аясында кездесу өтті
4 ақпан – Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні аясында Білім алушыларды дамыту және қолдау департаменті, МСАК және диагностика орталығы, С. Нұғманов атындағы онкология кафедрасының ұйымдастыруымен резиденттер, интерндер және студенттерге арналған мазмұнды кездесу өтті.
Кездесудің ашылуында проректор Датхаев Убайдулла Махамбетұлы сөз сөйлеп, медициналық білім беру жүйесінде онкология саласының маңызы мен білікті мамандар даярлаудың өзектілігіне тоқталды.
Кездесу модераторы – ректор кеңесшісі, бас дәрігердің орынбасары Солтанай Жәнібек онкологиялық ауруларды ерте анықтау бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде елімізде көрсетілетін қызметтер, емханаларда скринингтік тексерулердің ұйымдастырылуы туралы кеңінен баяндады.
Профессор Қайдаров Бахыт Хасенұлы Қазақстандағы онкология саласының қалыптасу тарихы мен болашақ даму перспективалары жөнінде мазмұнды ақпаратпен бөлісті.
Кездесу барысында спикерлер тарапынан білім алушылардың сұрақтарына жауап беріліп, клиникалық кейстер талқыланды, сондай-ақ адам папиллома вирусына (HPV) қарсы вакцинацияның маңыздылығы туралы пікір алмасты.
Мұндай кездесулер болашақ медицина мамандарының кәсіби көзқарасын кеңейтіп, онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте анықтаудағы рөлін арттыруға ықпал етеді.


