ҚазҰМУ-да Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауын әкімшілік қызметкерлерге түсіндірілді
2018 жылдың 02 қараша күні сағат 15.00-де ҚазҰМУ-нің «Даңқ Залында» Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына 05 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылау бойынша іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2019 жылға берілген негізгі тапсырмаларының басты мақсаттары айтылды. Олар: 1. Халық табысының деңгейін арттыру 2. Білім беру сапасын арттыру. 3. Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру. 4. Индустрияландырудың жаңа тәсілдері. 5. Бизнес және инвестициялық ахуалды жақсарту. 6. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту. 7. Сапалы әрі қолжетімді баспана. 8. Инфрақұрылымды дамыту. 9. Өңірлерді тұрақты дамыту. 10. Елбасы тапсырмаларын қаржылық қамтамасыз ету туралы айтып өтті.
Іс-шара қонақтары: Нұр Отан Партиясының ҚазҰМУ бастауыш ұйымының Төрағасы – Кульманбетов Исатай Азімұлы, ҚР Білім және Ғылым Министрлгінің экс вице Министрі, Білім және иновациялар Ұлттық Палатасының Төрағасы, «Серпін» Ұлттық білім Палатасының жетекшісі – Абенов Мұрат Абдуламитұлы, ҚазҰМУ-нің стратегиялық және корпоративтік даму бойынша проректоры Датхаев Убайдулла Махамбетұлы, ҚазҰМУ «Жалпы медицина» Мектебінің деканы, м.ғ.д. профессор Шопаева Гүлжан Амангелдиевна, ҚазҰМУ «Жалпы медицина» Мектебінің 2-курс студенті, «Жас Отан» Жастар қанаты ҚазҰМУ филиалының Төрағасы Тұрдықұл Дастан. Кездесуге университеттің әкімшілік қызметкерлері, басқарма басшылары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.