С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰлттық медицина университеті білім беруді цифрлық трансформациялау жолында тағы бір маңызды қадам жасады.
Университеттің Тест орталығы ауқымды жаңғыртудан өтіп, бүгінде студенттердің білімін әділ әрі объективті бағалайтын заманауи платформаға айналды. Бұл жай ғана компьютерлер орнатылған аудиториялар емес — бұл ҚазҰМУ-дың жаңа емтихан инфрақұрылымының өзегі.
Тест орталығы мынадай мүмкіндіктерді қамтиды:
-
A, B, C, D секторы бойынша толық жабдықталған 4 аймақ
-
Эргономика және қауіпсіздік талаптарына сай ұйымдастырылған 284 орын
-
Бақылау мен ашықтықты қамтамасыз ететін 51 бейнекамера
-
Жеке заттар мен телефондарға арналған жекелеген ұяшықтары бар гардероб
-
50+ адамға арналған жайлы күту аймағы (үстелдер, орындықтар, дайындық материалдары)
-
Ережелер мен ескертпелер көрсетілген ақпараттық стендтер
Жақын арада электронды табло, электронды кезек жүйесі және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы металл детекторлық қақпа іске қосылады.
Орталықтың әрбір бөлшегі — сәулеттік шешімдерден бастап IT-инфрақұрылымға дейін студенттердің жайлылығы мен емтихан үдерісінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Бұл — ҚазҰМУ инфрақұрылымын халықаралық медициналық білім стандарттарына сай жаңғыртуға бағытталған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі.
Жаңартылған Тест орталығының ашылуы — ҚазҰМУ-дың сапалы әрі әділ білімді бағалау арқылы медицинаның болашағын қалыптастыру жолындағы табанды қадамының айқын көрінісі.