ҚазҰМУ-да жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру бағдарламалары бойынша қабылдау емтихандары жүргізілді
11 тамыздан бастап, ҚР жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру бағдарламалары бойынша қабылдау емтихандары жүргізіледі. Типтік ережелерге сәйкес үміткерлер, резидентураға түсушілер таңдаған шет тілі және мамандық бойынша қабылдау емтихандарын тапсырады.
Бүгін, 17 тамызда, Университеттің тестілеу орталығында резидентура мамандықтары бойынша кешенді тестілеу өткізілді.
«Резидентура мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттарды бекіту туралы» 2015 жылғы 31 шілдедегі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министр м.а. бұйрығын орындау мақсатымен резидентура мамандықтары бойынша пререквизиттерді ескере отырып, интернатураның үлгілік бағдарламалары негізінде кешенді тестілеу бағдарламалары құрастырылған.Бағдарламалар кезең бойынша білім беру бағдарламалары комитетінде, Академиялық кеңесте талқыланды, 2017 жылғы 29 мамырда ректор м.а. бұйрығы бойынша бекітілген және а.ж. маусым айында Университет сайтына орналастырылған.
Тестілеу бағдарламаларында пререквизиттердің (пәндер) үлес салмағы және жиі кездесетін нозологиялық түрлері анықталған, ұсынылған әдебиеттер тізімі берілген.
Қоғамдық бақылау ретінде ашық рәсімді қамтамасыз ету үшін емтиханға С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ақсақалдар және Этикалық кеңес өкілдері қатысты.
Үміткерлердің құзіреттілігін кешенді бағалау мақсатында а.ж. 19 тамызында ҚазҰМУ практикалық дағдылар орталығының базасында практикалық бағалау жоспарланып отыр.