ҚазҰМУ-да Мәншүк Мәметованың 103 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті
Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде Кеңес Одағының Батыры, ҚазҰМУ мақтанышы – Мәншүк Мәметованың туғанына 103 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті.
Мәншүк Мәметованың есімі ел тарихына да, университет тарихына да алтын әріппен жазылған. Қазақ медицина институтының студенті бола тұра, ол өз еркімен майданға аттанып, Отан үшін соңғы демі қалғанша шайқасқан. Оның ерлігі борышқа адалдықтың, елге деген сүйіспеншіліктің және халыққа жанқиярлықпен қызмет етудің мәңгілік үлгісі.
ҚазҰМУ-да Мәншүк Мәметованың есімі ерекше қастерленеді: оның атына берілген оқу аудиториясы бар, ал ерлік бейнесі студенттерге батырлық пен отаншылдықтың жарқын өнегесі болып қала береді.
Іс-шараны ҚазҰМУ Әскери кафедрасы ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясының курсанттары, ҚР Қорғаныс министрлігінің Құрлық әскерлері әскери институтының және Радиоэлектроника және байланыс әскери институтының курсанттары, сондай-ақ ҚазҰМУ мен ҚРМУ әскери кафедраларының студенттері қатысты.