ҚазҰМУ-да профессор Окан Ахан дәріс оқиды
2025 жылдың 2 мамырында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде Түркиялық профессор, Халықаралық радиология қоғамының мүшесі, Хаджеттепе университетінің профессоры, «Байындыр» ауруханасының радиология бөлімінің меңгерушісі Доктор Окан Ахан жалпы хирургия, гастроэнтерология, жұқпалы аурулар, радиология мамандықтары бойынша дәрігер-ординаторларға, сондай-ақ магистранттар мен докторанттарға арналған дәріс оқиды.
Дәрістің тақырыптары:
-
Цистикалық эхинококкозды емдеудің пункциялық түрлері;
-
Бауыр, бүйрек және ұйқы безі ісіктерін тері арқылы емдеу;
-
Талқылау.
Өткізу орны: Төле би көшесі, 94, №7 оқу ғимараты, 4-қабат, №8 дәрісхана
Күні мен уақыты: 2025 жылғы 2 мамыр, сағат 15:00–17:00
Барлық қатысуға ниет білдірушілерді дәріске шақырамыз!