ҚазҰМУ-да УСҮ-нің төрағасын ұлықтау рәсімі өтті (фото)
2016 жылдың 8 қараша күні С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың «Concordia» театрында 27 қараша күні өткен Студенттік үкіметтің сайлауында басым дауыс жинап, Студенттік үкіметінің төрағасы атанған «Жалпы медицина» факультетінің 3 курс студенті Солтанай Жәнібекті ұлықтау рәсімі өтті. Ұлықтау рәсімі ең алдымен Университеттің туын және ҚазҰМУ студентінің Ар-намыс кодексін салтанатты түрде әкелуден басталды.
Салтанатты жиынның алғашқы сөзін тәрбие жұмысы, әлеуметтік сұрақтар және халықаралық ынтымақтастық бойынша проректор Р.Т. Джумашева алды. Ол өз сөзінде студенттік үкіметтің төрағасының алдына университеттің барлық студенттерінің мүддесін қорғау, университеттің қызметкерлері және студенттеріне адал қызмет ету, университетті және студенттердің өзін-өзі басқаруын дамытуға жаңа тың идеялар ұсыну сынды үлкен мақсат пен міндеттер қойылатынын алға тартты.
Бұдан кейін, Студенттік үкіметтің 2013-2016 жж. төрағасы Бөріхан Ерболат Солтанай Жәнібекке төраға қалқанын табыстап, әрі қарай дәстүр бойынша төраға ҚазҰМУ Студентінің Ар-намыс кодексіне қол қойып, салтанатты түрде ант берді. Сайлау комиссиясының хатшысы Нұрғожа Айдана Университеттің студенттік үкіметі төрағасына төраға куәлігін табыстады.
Ресми түрде Студенттік үкіметінің төрағасы атанған соң, Солтанай Жәнібек алғашқы сөзін сөйледі. Ол УСҮ құрылымымен таныстыра отырып, келешекке қойылған жұмыс жоспарына тоқталып өтті.
Ұлықтау рәсімінің жалғасы ретінде ҚазҰМУ студенттік ұйымдарының жәрмеңкесі болды. Жәрмеңкеде студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының белсенді мүшелері өз ұйымдарының қызметі және құрылымын таныстырды.