ҚазҰМУ-да ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қаласының медициналық қоғамдастық өкілдерімен кездесті (Фото)
2017 жылдың 16-шы ақпанында ҚазҰМУ-дың Даңқ Залында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қаласының медициналық қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Кездесуде Елбасы жолдауының негізгі бағыттары бойынша ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстары, сондай-ақ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша сұрақтар қарастырылды.
Кездесуге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрайымы Елена Бахмутова, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Румиль Тауфиков, Алматы қаласының медициналық ұйымдарының басшылары, жеке медициналық ұйымдардың, кәсіподақтардың, кәсіби медициналық қауымдастықтың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа жолдауын жүзеге асыруда МӘМС-ті енгізудегі негізгі сұрақтар, оның іске асыру кезеңдері, медициналық қызметтің қолжетімділігі және сапасының көтерілуі тұрғысынан мәселелер талқыланды.