ҚазҰМУ-да қызметкерлердің балалары үшін тілашар өткізілді
Білім күні қарсаңында Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ–да бірінші сыныпқа баратын университет қызметкерлерінің балаларына мерекелік іс-шара өтті. Оқу жинақтары сыйға тартылып, оқуға қажетті пәндерді сатып алуға қаржылай көмек көрсетілді.
“Балалар – жаңа Қазақстанның болашағы. Осыған байланысты біздің үш мыңнан астам қызметкерден тұратын үлкен, ұйымшыл ұжым қайырымдылық бастамаларына белсенді қатысып жатқаны қуантады. ҚазҰМУ кәсіподақ ұйымы спорттық-сауықтыру және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қолдау көрсетеді. Ал бүгінгі жас кейіпкерлеріміз шын жүректен жақсы білім алғысы келеді, ата-аналарына қарап бой түзеп, үлкендердің ізгі қасиеттерін сіңіріп, ешнәрсеге алаңдамайды», – деп атап өтті ҚазҰМУ проректоры Убайдилла Датхаев.
ҚазҰМУ кәсіподақ күшімен 50 бірінші сынып оқушысы сыйлық алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай акция университеттің жақсы дәстүріне айналды. Мереке соңында балалар үшін аниматорлармен шағын концерт және ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.
«Бүгін біз сіздердің балаларыңызды бірінші сыныпқа шығарып саламыз, олар біздің де баламыз. Олар 11 жылдан кейін біздің университеттің табалдырығын аттайды деп үміттенеміз және сенеміз. Мұндай акцияны өткізу идеясын біздің ректорымыз Марат Едігеұлы Шоранов бастаған еді. Біз мұндай дүниелерді дәстүрге айналдырғымыз келеді. Өйткені біздің балаларымыз – біздің болашағымыз. Олар үшін біз жұмыс істейміз, балаларымыз Қазақстанның лайықты азаматы болуына барымызды саламыз, біз олар үшін өмір сүреміз», – деді ҚазҰМУ кәсіподақ төрағасы Сағат Алтынбеков.