ҚазҰМУ-ға Ташкент фармацевтикалық институтының студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келді
2025 жылдың 10-14 ақпан аралығында академиялық ұтқырлық аясында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Фармация мектебінің химия кафедрасына Ташкент фармацевтикалық институтының «Фармация» мамандығының 2-курс студенттері келді.
Олар үшін кафедраның қауымдастырылған профессоры Д.Т. Балпанова өткізген «титрлеу» тақырыбында аналитикалық химия бойынша ашық сабақ өткізілді. студенттер аналитикалық химия саласындағы білімдері мен дағдыларын кеңейте отырып, ацидиметриялық және редоксиметриялық титрлеу бойынша виртуалды зертханалық жұмыстарға қатысты.
Сондай-ақ академиялық алмасу аясында сабаққа Ташкент фармацевтикалық институтының аналитикалық химия кафедрасының меңгерушісі Фархуллаева Муяссар қатысты.
ҚазҰМУ-да оқыту қонақтар үшін жаңа әдістемелермен және білім беру тәсілдерімен танысуға құнды мүмкіндік болды.