ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі Денсаулық сақтау жүйесінің үздік баспасөз қызметі болып танылды
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты барлық ведомстволары арасынан (ҒЗИ, ҒО, медициналық жоғары оқу орындары, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың денсаулық сақтау басқармалары, ауруханалар, госпитальдар мен емханалар) үздік баспасөз қызметі мәртебесіне ие болды.
Баспасөз қызметіне аталмыш дипломды Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов табыстады.
Өз сөзінде министр денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер алдында бүгінде маңызды реформаларды жүзеге асыру және үлкен міндеттер жүктеліп отырғанын алға тартты. «Біз бастапқы медициналық көмек, жедел және шұғыл медициналық көмек, медициналық білім жүйесінде, денсаулық сақтауды цифрландыру саласында, сондай-ақ, мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту бойынша қайта құруды бастадық. Бұл реформалар үлкен күш-жігерді, түсіністік пен қолдауды қажет етеді. Аталған реформалар халқымыздың денсаулығын жақсарту үшін бағытталған, ең бастысы медициналық қызметтердің сапасын арттыру болып табылады. Мен біздің денсаулық сақтаудағы барлық алға қойған мақсат-міндеттерімізге жететінімізге толықтай сенімдімін», – деп сөзін түйді Елжан Біртанов.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі