ҚазҰМУ-дың интернатура түлектері мемлекеттік қорытынды аттестаттаудан өтті
Мемлекеттік қорытынды аттестаттау (МҚА) жоғары білім берудің бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады және жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларының интерндердін мемлекеттік қорытынды аттестаттау туралы ережеге сәйкес университеттің барлық түлектері үшін ұйымдастырылады. Білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтайтын интерндердің Мемлекеттік қорытынды аттестаттау міндетті болып табылады.
Білім беру бағдарламасы интерндерін Мемлекеттік қорытынды аттестаттау құрамына кіретін міндетті мемлекеттік аттестаттау сынақтарының нақты тізбесі «бағдарлама құрылымына қойылатын талаптар» бөлімінде білім беру бағдарламасы жүзеге асырылатын білім беру стандартымен анықталады.
Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы медициналық білім беру ұйымдарының өкілдері, денсаулық сақтаудың білікті мамандары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйым қатарынан қалыптастырылады.
Бірінші кезең интернатура түлектерінің білім бағасы туралы кезең компьютерлік тестілеу арқылы ON LINE режимінде өткізіледі.
Интернатура түлектерінің дағдыларын бағалау екінші кезең бейнемен клиникалық тапсырмаларды орындау арқылы ON LINE режимінде қашықтан
шұғыл жағдайлар бойынша симуляциямен, автоматтандырылған компьютерлік тәсілімен өткізілді.
Медициналық білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттау комиссиясының құрамы медициналық білім беру ұйымдарының өкілдері, денсаулық сақтаудың білікті мамандары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын ұйым қатарынан қалыптастырылады.
Мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижелері: ҚазҰМУ-і бойынша 778 интерн екі кезеңді де тапсырды.
Акушерия және гинекология даярлық бағыты бойынша 41 интерн тапсырды, орташа 92,00 балл, ЖТД бойынша 257 интерн – 97,19 балл, педиатрия бойынша 129 интерн – 90,89 балл, хирургия бойынша 105 интерн – 94,2 балл, терапия бойынша 246 интерн – 91,7 балл. Орташа балл -93,2.
Құрметті түлектер! Сіздерді тәулсіз емтихан тапсырып мамаңдық иесі болуларыңызбен құттықтаймыз! Қоғам үшін ерінбей еңбек етіп, Отанымызға, елімізге қызмет ету тілейміз!