ҚазҰМУ-дың профессорлары Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында мемлекеттік наградалармен марапатталды
Еліміздің Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Марапатталғандардың арасында Қазақ Ұлттық медицина университетінің қызметкерлері де бар.
ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен – академик Төрегелді Шарманов, ІІ дәрежелі «Достық» орденімен – академик Камал Ормантаев, «Құрмет» орденімен – ҚазҰМУ-дың зерттеу жұмысы бойынша проректоры Бахыт Рамазанова марапатталды.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі