ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасына м. ғ. д., профессор Әлихан Әбжанұлы Шортанбаев есімі берілді.
2024 жылғы 8 қарашада Даңқ Залында С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жалпы иммунология кафедрасына РЖҒА академигі, м. ғ. д., профессор Әлихан Әбжанұлы Шортанбаевтың құрметті есімін беруге арналған іс-шара өтті.
Әлихан Әбжанұлы 1985 жылы иммунология курсын құрудың бастамашысы болған. Қазақстанда бірінші және КСРО-да екінші болып болашақ дәрігерлер үшін иммунологияны оқытуды қолға алған. Ол жалпы және қолданбалы иммунология негіздерін тиісті профильдеумен оқытудың бірегей бағдарламасын әзірледі және оны енгізді, ғылыми мектеп құрды. Бұл мектептің өкілдері қазіргі уақытта медицинаның осы саласындағы отандық академиялық және ғылыми процестің авангарды болып табылады.
А. А. Шортанбаевтың тікелей басшылығымен жалпы, клиникалық иммунология және аллергология бойынша барлық отандық үлгілік бағдарламалар әзірленді, олар ресейлік иммунологиялық қоғамдастықта жоғары бағаға ие болды және дәл осы бағдарламаларды әзірлегені және медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне иммунология мен аллергологияны оқытуды дамытқаны үшін А.А. Шортанбаев Ресей жаратылыстану ғылымдары Академиясының толық мүшесі болып сайланды. Оның тікелей қатысуымен және басшылығымен кафедрада иммунология сияқты қазіргі әлемде өзекті ғылым саласын табысты оқыту үшін қажетті үлкен әдістемелік база жасалды.
Профессор А.А. Шортанбаевтың есімін кафедраға беру оқытушының еңбегін танудың лайықты актісі болып табылады. Кафедраның қазіргі құрамы және болашақ жас ғалымдар мен оқытушы – иммунологтар үшін уәждеме болады.