ҚазҰМУ және СМУ: жаңа буын микробиологиясы мен вирусологиясын дамытуға бағытталған серіктестік
2026 жылдың 2-13 наурыз аралығында М. Уразалин атындағы Семей медициналық университетінің микробиология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Ф.С.Рахимжанова С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің микробиология, вирусология кафедрасында академиялық ұтқырлық бағдарламасынан өткен болатын.
Бағдарламаға қатысудың мақсаты – ғылыми-педагогикалық тәжірибені жетілдіру және университеттер арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамыту болды.
Бағдарлама шеңберінде «Медицина» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне «Жеке микробиология, вирусология және паразитология» модулі бойынша 72 академиялық сағат көлемінде сабақтар өткізілді. Оқу процесі заманауи педагогикалық тәсілдерге негізделіп, студенттердің теориялық білімін клиникалық тәжірибемен ұштастыруға бағытталды.
Сабақ барысында проблемалық-бағдарланған оқыту, клиникалық жағдайларды талдау (case-study), зертханалық дағдыларды демонстрациялау және нәтижелерді интерпретациялау, интерактивті сұрақ-жауап, топтық жұмыс және қалыптастырушы бағалау әдістері кеңінен қолданылды. Бұл тәсілдер білім алушылардың белсенділігін арттырып, кәсіби құзыреттерін дамытуға ықпал етті.
Нәтижесінде студенттерде зертханалық диагностика әдістерін тиімді таңдау және алынған нәтижелерді дұрыс түсіндіру дағдылары қалыптасты, инфекциялық ауруларды диагностикалауда клиникалық ойлау қабілеттері дамыды. Сонымен қатар, топпен жұмыс істеу, ғылыми негізделген шешім қабылдау және кәсіби пікірталас жүргізу құзыреттері жетілдірілді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы кәсіби дамуға, білім беру сапасын арттыруға және жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.
Аталған қызмет Біріккен Ұлттар Ұйымы айқындаған Тұрақты даму мақсаттарымен үйлеседі, атап айтқанда:
№4 ТМД – Сапалы білім беру: заманауи оқыту әдістерін енгізу және білім беру сапасын арттыру;
№3 ТМД – Жақсы денсаулық және әл-ауқат: болашақ медицина мамандарының кәсіби даярлығын күшейту;
№17 ТМД – Серіктестік арқылы мақсаттарға жету: жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ынтымақтастықты дамыту.
Алдағы уақытта жинақталған тәжірибені оқу процесіне енгізу, ғылыми-зерттеу қызметін жетілдіру және халықаралық серіктестікті кеңейту жоспарлануда.







