ҚазҰМУ клиникалық базалармен ынтымақтастығын күшейтуде
8-9 желтоқсан күндері ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин университеттің бірқатар клиникалық базаларын аралап шықты. Ректормен бірге академиялық қызмет бойынша проректор Байльдинова Клара Жеңісқызы, университеттік клиникалар бойынша басқарушы директор Тажиев Есентай Бодесович, клиникалық жұмыс бойынша Департамент директоры Құрақбаев Құрал Құрақбайұлы және Баспасөз қызметі болды.
Жұмыс сапары барысында Талғат Нұрғожин Қалалық кардиологиялық орталығы, №1 Қалалық клиникалық ауруханасы, №7 Қалалық клиникалық көпсалалы ауруханасының басшылығымен және онда негізделетін кафедралардың қызметкерлерімен кездесті.
Айта кетсек, 104 қалалық және республикалық емдеу мекемелері ҚазҰМУ-дың клиникалық базасы болып саналады.
Сондай-ақ, с базасында 8 клиникалық кафедралар өз қызметін жүргізуде: №1 Акушерлік және гинекология кафедрасы, Мейірбике ісі және мейірбике ісін ұйымдастыру, №1 Жүйке аурулары, №2 Жүйке аурулары, №2 Хирургия, №1 Хирурги, №3 Ішкі аурулар кафедрасы аллергология курсымен, Анестезиология және реаниматология кафедрасы.
№1 Қалалық клиникалық ауруханасында 6 кафедра орналасқан: аллергология және клиникалық иммунология курсы, №2 Балалар аурулары, №4 Ішкі аурулар, №1 Ішкі аурулар, Клиникалық фармакология кафедрасы, №1 Жүйке аурулары, Анестезиология және реаниматология кафедрасы, Клиникалық зертханалық диагностика кафедрасы.
№7 Қалалық клиникалық көпсалалы ауруханасының базасындағы кафедралар: №1 Акушерлік және гинекология кафедрасы, Мейірбике ісі және мейірбике ісін ұйымдастыру кафедрасы, №1 Жүйке аурулары, №2 Жүйке аурулары, №2 Хирургия, №1 Хирургия, №3 Жүйке аурулар кафедрасы аллергология курсымен, Анестезиология және реаниматология кафедрасы.
Сонымен қатар, сапар аясында Талғат Нұрғожин бас дәрігерлермен жұмыс тарапы бойынша кездесулер жүргізді: №1 Қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Рамазанов Манас Ембергенұлы, Қалалық кардиологиялық орталығының директоры Кодаспаев Алмат Турыспекович және №7 Қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Абдуллаев Марат Шадыбайұлымен.
ҚазҰМУ-дың клиникалық кафедраларының қызметкерлерімен өткен әңгіме барысында Талғат Нұрғожин бірнеше маңызды тұстарға айрықша көңіл бөлді.
Бірінші. Ауруханада негізделетін кафедралар аурухана жарғысын мүлтіксіз сақтау тиіс. Яғни кафедра қызметкерлері толыққанды ұжымның бір бөлігі болып, ауруханада болып жатқанға жауапкершілік алуы керек. «Әр кафедра аурухана басшылығының пікірлестер тобының бір бөлігіне айналып, клиникалық базаның тиімділігін қамтамасыз етуде күнделікті үлек қосуы қажет. Егер қызметкерлер ауруханада не болып жатқаны туралы хабардар болмаса, онда бұл жерде өзара әрекеттестік тұрғыдан толыққанды жұмыс атқарылмай жатқандығын аңғартады», — деп ректор атап өтті.
Екінші. Ендіге клиникадағы ай сайынғы кезекшілік кафедра ассистентерінің мүлтіксіз міндеті болып табылады. «Кезекшілік туралы мәселе талқыға салынбайды. Өйткені, бұл қызмет тиімділігінің жаңа индикаторы. Одан бөлек кезекшілікке интерн мен резиденттерді міндетті түрде жұмылдыру қажет. Ассистенттердің басқаруы мен бақылау есебінен ғана жас мамандар нақты тәжірибе жинақтай алады. Түнгі кезекшіліктен бас тарту ешқандай сылтауға жат, себебі дәрігер мамандығын таңдай отыра, сәйкесінше Сіздер бұл қызмет жолында толыққанды жауапкершілікті сезінулеріңіз керек. Біз ең алдымен дәрігерміз, сонымен науқастарға көмектесу – біздің парызымыз» , — Талғат Нұрғожин атап өтті.
Үшінші. Оқу барысының тиімділігін көтеру аясында және клиникалық дағдыларды үйретуде кафедрадағы қазіргі таңда бар тьютор қызметін аурухана ұжымындағы медбикелерге беру ұсынылады. «Ауруханадағы медицина қызметкерлерінен бөлек ешкім студенттере алғашқы медициналық көмек көрсету, инъекцияны жүзеге асыру, т.б. бойынша қарапайым дағдыларды үйрете алмайды», — деп ректор айтып өтті.
Төртінші. Ассистенттер, интерндер мен резиденттер кем дегенде 1-2 палатаға жетекшілік етіп, доценттер менпрофессорлар өз жұмыс орындарында аурухана қызметкерлерімен қатарлы күнделікті консультациялар жүргізулері керек. Телефонмен консультация жүргізуге тиым салынады. Өйткені, оның заңдық негізі жоқ. Кафедраның барлық қызметкерлері мен студенттер әрдайым науқастармен байланыс құрып, олардың емделуіне толыққанды үлес қосуы қажет.
Бесінші. Кафедраның әр қызметкері ауруханаға қажет болған жағдайда әр уақытта, күн немесе күн мезгілінде болсын консультация беруге нық дайын болулары тиіс.
Алтыншы. Кафедралар жетекші ретінде ауруханалардан дәрігерлерді шақыруларына болады. Өйткені, олар тексеру, кеңес беру, ота жасау барысында студенттерге көп нәрсе үйрете алады.
Жетінші. Жаңа жылдан бастап клиникалық кафедралардың қызметкерлері 0,5 клиникалық мөлшерлемеде үстемеақы алатын болады.
Сегізінші. Терапевтік саладағы оқытушы-профессорлық құрам аурухананың қабылдау бөлімі жұмысына, жаңа дәрігерлерге,жалпы аурухана жұмысына көмектесіп, тығыз араласулары тиіс.
Тоғызыншы. Ректор оқытушыларды, интерн мен резиденттерді ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді араласуға шақырды. Кафедралар медициналық жаңалықтар мен инновацияның орталығы болуы тиіс. Емдеу, педагогика және ғылыми-зерттеу процессі бір-бірімен қатар жүруі керек.
ҚазҰМУ-дың Баспасөз қызметі