ҚазҰМУ мамандары аймақтарға аттанады
2024 жылғы 1 қарашада Алматы облысы Іле ауданының «Орталық аудандық ауруханасының» практикалық денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері мен науқастарға ұйымдастырушылық, әдістемелік және практикалық көмек көрсетуді «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ профессорлық-оқытушылар құрамы жоспарлап отыр. Жетекшілік ететін аймаққа ұйымдастырушылық, әдістемелік және практикалық көмек көрсетуге келесі мамандар қатысады: фтизиатр-дәрігер, оториноларинголог-дәрігер, анестезиолог-реаниматолог-дәрігер, уролог-дәрігер, эндокринолог-дәрігер, жалпы тәжірибе дәрігері, пульмонолог-дәрігер, онколог-дәрігер, дәрігер онколог-маммолог, ревматолог-дәрігер, педиатр-дәрігер, офтальмолог-дәрігер.
Жетекшілік ететін аймаққа ұйымдастырушылық, әдістемелік және практикалық көмек көрсету науқастар үшін де, дәрігерлер үшін де маңызды іс-шара болып табылады. Іс-шара аясында ересектер мен балаларға медициналық көмек көрсетіледі. Бұл науқастарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында консультативтік қорытынды алуға және қажет болған жағдайда «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ Университеттік клиникасында, еншілес ұйымдары мен клиникалық базаларында жоғары мамандандырылған медициналық көмек алуға мүмкіндік береді. Дәрігерлерге «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ мүмкіндіктерін науқастарға көрсетуге мүмкіндік беріледі. Дәрігерлерге бұл шара тұрғындардың денсаулығына көңіл бөліп, жоғары білікті мамандардан кеңес алуға мүмкіндік береді.
«С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» КЕАҚ өз қызметтерін ұсынуға қуанышты және әр науқасқа жеке көзқарасқа кепілдік береді.