ҚазҰМУ «Ментальды денсаулық және COVID-19» симпозиумы аясында өткен баспасөз конференциясында сарапшылар вакцинациялаудан бас тарту проблемасы туралы өз пікірлерін білдірді.
В.М. Бехтерев атындағы Ұлттық медициналық психиатрия және неврология зерттеу орталығының» психиатрия және шекаралық бұзылуларды емдеу бөлімінің бас ғылыми қызметкері Розанов Всеволод Анатольевич атап өткендей стресс жағдайында кейбір адамдарда фантастикалық немесе мифологиялық ойлау қабілеті күшейеді.
«Осындай жоспардың идеялары, күдікті параноидтық тенденциялар өршиді. Әрине, вакциналарға қатысты қиындықтар бар, бірақ біз тұтас адамзат туралы ойлануымыз керек. Қазір адам өзінің жайлылық жағдайын бұзылмауын қалайды. Бірақ біз эгоизм, эгоцентризм ауыр сынаққа ұшыраған жағдайға тап болып отырмыз – бұл мықты эгоға қарсы вакцинация сынды. Біз табиғаттың бір бөлігі екенімізді, кейде онда әр түрлі жағдайлар орын алатынын түсінуіміз қажет. Әрдайым ең нашарға дайын болуымыз қажет. Мен мұны біз қазір осындай тенденция жүріп жатқанын түсінуіміз үшін айтып отырмын», – деді ол.
ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин вакцинация миллиардтаған адамның өмірін сақтап қалғанын атап өтті.
«Қазақстанда вакцинацияның арқасында өмір сүру ұзақтығын 60 жастан 74 жасқа дейін ұзарды. 21 ғасырдың кез-келген инновациялық технологиясы миллиондаған адамның өмірін сақтайды. Бірақ вакцинация миллиардтаған адамды құтқарады. Бұл вакцинаның қандай пайдасы бар екенін түсіну үшін жеткілікті. Біздің университеттте оқытушылар да, басқа қызметкерлер мен студенттер де 100 пайыз екпе салдырды. Біз оларды ынталандырмадық, біз дәрігер ретінде өзіміз үлгі көрсетсек, онда халық сенім білдіретінін түсінеміз. Осында білім алатын балалардың ақылының арқасында 100 пайыз екпе алдық және біз офлайн режимде оқимыз», – деді ол.
Психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығының президенті Сағат Алтынбеков вакцинация бүкіл адамзаттың өмір сүруі үшін қажет екенін алға тартты.
«Екпе салдыру – бұл әлемді аман қалу үшін міндетті шарт. Біздің Ресейдің де, Қазақстанның да өз екпесі бар болғандықтан жолы болды.
Бізде вакцинаның 4 түрі бар, олар тегін. Халықта бұған үйренді – әрі тегін. 4 миллион Pfizer вакцинасы сатып алынды. Олар балалар бен жүкті әйелдердің өмір сүруі және дені сау болсын деген мақсатпен алынды. Бұл біздің салық төлеушілердің ақшасы. Біз оған саналы түрде барамыз. Менің сенімім – егер біз тәуелсіз Қазақстанның өмір сүруін қаласақ, онда мемлекет жасап жатқан барлық игілікті дұрыс қабылдауымыз қажет», -деді ол.
«Ментальды денсаулық және COVID-19» конференциясында Қазақстан, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Болгария, Польша және Литваның үздік мамандары сөз сөйледі. Конференция Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығымен, Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің В.М. Бехтерев атындағы психиатрия және неврология Ұлттық медициналық зерттеу орталығымен, психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығы және ҚазҰМУ түлектерінің қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды.