ҚазҰМУ мониторингінің екінші күні: Академиялық адалдық лигасы университет жұмысының негізгі аспектілерін бағалауда
Академиялық адалдық лигасының мониторингтік тобы бүгін университеттің білім алушылармен, түлектермен және жұмыс берушілермен бірқатар кездесулер өткізді. Негізгі мақсат – университеттің орпоративтік даму, академиялық, әкімшілік, әлеуметтік және тәрбие қызметі сияқты негізгі салалардағы жұмысын бағалау.
Кездесулер барысында мониторингтік топ университетте академиялық адалдық қағидаттарын енгізу және іске асыру туралы сұрақтар қойды. Мынадай аспектілер талқыланды:
– Ғылыми зерттеулерге арналған гранттарды игерудегі ашықтық;
– Ғылыми жұмыста этикалық нормалар мен адалдық қағидаттарын сақтау;
– Емтихандарды өткізуде және студенттердің білімін бағалауда академиялық адалдықты қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, ҚазҰМУ цифрландыру дәрежесіне ерекше назар аударылды. Білім беру процесіне жаңа технологияларды енгізуді зерттеді. Мысалы, электронды оқыту платформаларын және студенттер мен түлектердің кері байланыс жүйесін пайдалану.
Мониторинг тобы сонымен қатар түлектермен және жұмыс берушілермен сұхбат жүргізу арқылы білім беру бағдарламаларының сапасын зерттеді. Бұл кездесулер ҚазҰМУ түлектерінің еңбек нарығы мен кәсіби стандарттар талаптарына қаншалықты сәйкес келетіні туралы өзекті ақпарат алуға мүмкіндік берді.
Академиялық адалдық лигасы Қазақстанда адал және сапалы білім беру кеңістігін құру жөніндегі өз миссиясын ілгерілетуді жалғастыруда. Университеттердің мониторингі оқу процесінің, әкімшілік жұмыстың және ғылыми зерттеулердің әртүрлі аспектілерін қамтитын лига стандартының 105 критерийі бойынша жүргізіледі.
ҚазҰМУ – білім беру стандарттарының жоғары деңгейін ұстап тұру үшін белсенді жұмыс істейді. Университет жоғары талаптарға сай болып қана қоймай, сонымен қатар Қазақстанда және халықаралық аренада медицинаны дамыта алатын мамандарды даярлай отырып, медициналық білім беруде көшбасшы болуға ұмтылады.
Академиялық адалдық лигасы – бұл тек тексеру ғана емес, сонымен қатар ҚазҰМУ-дың елдің жетекші медициналық университеті ретіндегі беделін нығайтуға ықпал ететін одан әрі өсу мен жетілдіру үшін ынталандыру.