ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожиннің Наурыз мерекесімен құттықтауы
Құрметті әріптестер, ақ халатты абзал жандар! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Наурыз — табиғаттың қайта түлеп, жаңаратын шағы. Көктемнің шуақты мерекесі татулық пен бірліктің, тазалық пен ізгіліктің, құт-берекенің бастауы!
Бұл қасиетті мереке ұрпақтар байланысын толықтай бейнелеп, қонақжайлылық, татулық, үлкенге құрмет көрсету және жақсы қарым-қатынас секілді біздің ата-бабаларымыз мыңдаған жылдар бойы сақтап келген дәстүрлерді қайта жаңғыртады.
Өкінішке қарай, эпидемияның өршуіне байланысты біз Наурыз мейрамын үйде қарсы алуға мәжбүрміз. Бақытымызға орай, біз індетке қарсы күреске толықтай дайынбыз. Біздің дәрігерлер өжеттілік танытып, өз қызметтерін жоғары деңгейде атқарып жатыр. Сіздер тәулік бойы өз жақындарыңызды көрмей, қауіпті вирусты жұқтыру қаупін біле отыра өзгелердің амандығы үшін атсалысып жатырсыздар.
Барлық қазақстандықтар Сіздермен бірге! Ауруханаларда өз көмектерін көрсетуге дайын еріктілерден бастап, індетке қарсы күреске қаражат бөліп жатқан бизнесмендер және індетті тоқтату үшін үлкен ресурстарды жұмылдырып отырған мемлекет тарапынан айтарлықтай шаруа атқарылып жатыр. Және бұл жұмыстар Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен үлкен ерліктеріңіздің арқасында оң нәтижелер беруде. Бұл осы жарқын мерекеде аталып өтетін бірліктің ең жақсы үлгісі екені еш күмәнсіз. Біздің барлығымызды халқымыздың сау және бақытты болуындағы ортақ ниет біріктіреді. Біздің әрқайсымыз осы қиын уақытта жақындарымызға және бір-бірімізге көмек қолын созуға дайын екендігіміз қуантады.
Қоғам болып осы сынақтарды лайықты еңсереміз деген сенімдемін. Індет ұзаққа созылмас, уақыт өте бәрі қалыпқа келмек.
Әр үйге татулық пен бақыт, сүйіспеншілік пен құт-берке тілеймін. Әрдайым қайрат пен күш-жігерлеріңіз сарқылмасын. Бар тілектеріңіз бен армандарыңыз орындалсын!