ҚазҰМУ Ректорының шәкіртақысына конкурс жарияланады
Құрметті ҚазҰМУ білім алушылары!
ҚазҰМУ Ректорының шәкіртақысына конкурс жарияланады!
Жалпы ережелер
1.1. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті әрбір оқу жылына конкурстық негізде бір шәкіртақы – «ҚазҰМУ Басқарма төрағасы-ректор шәкіртақысы» (бұдан әрі – «Шәкіртақы»), Қазақстан азаматтары болып табылатын 3 курстан бастап 7 курсқа дейін барлық мамандықтардың оқу үлгерімі жақсы, практикалық, ғылыми-зерттеу қызметінде жетістіктері бар студенттері үшін бекітіледі.
1.2. «Шәкіртақы» оқу жылының 1 қыркүйектен бастап беріледі.
1.3. «Шәкіртақы» бакалаврлар мен интерндерге конкурстық негізде беріледі (грант, келісім).
Ескерту: шәкіртақы ақылы негізде келісім-шарт бойынша білім алатын студенттерге ҚазҰМУ алдында қаржылық қарызы болмаған жағдайда беріледі.
1.4. «Шәкіртақыны» тағайындау критерийлері:
- жоғары рейтингтік балл, GPA 3,5 төмен емес;
- академиялық қарыздың болмауы;
- практикалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысу (үйірмелердегі жұмыс, жарияланған мақалалардың, тезистердің болуы, ғылыми, ғылыми және практикалық семинарларға, симпозиумдар мен конференцияларға баяндамалармен қатысу).
1.5. Үміткерлер өтініш берген білім алушылар арасынан таңдалады.
1.6. Өтініш берушілерді іріктеуді Комиссия жүзеге асырады.
2.1. Конкурсқа ұсынылатын құжаттар:
- түйіндеме немесе CV;
- хирургия саласындағы конференциялар, семинарлар бағдарламалары мен басылымдардың басып шығарулары қоса берілген басылымдар тізімі;
- хирургия саласындағы халықаралық, республикалық, қалалық ғылыми конференцияларға, жазғы және қысқы мектептерге қатысқанын растайтын сертификаттар;
- 750 сөзден аспайтын мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі мотивациялық хат;
Құжаттар деканаттарға 2025 жылдың 28 мамырына дейін (қоса алғанда) сағат 18:00 дейін жолдануы қажет.