ҚазҰМУ «РФММ-2017 білім беру көрмесінде»
2017 жылдың 18 қарашасында сағат 12.00-ден 13.30 дейін Республикалық физика-мамематика мектебінде ҚР жетекші ЖОО-ның қатысуымен жоғарғы сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру көрмесі өтті.
Республикалық физикалық-математикалық мектеп 1972 жылы ашылды. РФММ басты мақсаты Қазақстанның барлық аумақтарынан дарынды балаларды анықтап, оларды ары қарай дамыту, мемлекеттік зияткерлік элитасын қалыптастыру болып табылады.
РФММ шақыруымен, дәстүрге айналған «РФММ Білім беру көрмесі-2017» іс-шарасына Назарбаев университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.И.Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ, Халықаралық бизнес Университеті (UIB), Сулейман Демирел университеті (CDU), Алматы энергетика және байланыс университеті, Азаматтық авиация академиясы, КИМЭП, Қазақстандық-Британдық техникалық университет, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалы және басқа ҚР жетекші оқу орындарымен қатар С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ қатысты.
ҚазҰМУ қызметкерлері көрме қатысушылары – жоғары сыныпта оқитын 500 оқушыға Университеттің факультеттері мен мамандықтары туралы толық ақпарат берді. Мектептің физикалық-математикалық бағытына қарамастан, оқушылар медицина мамандықтарына, дәрігер мамандығының болашақ мүмкіндіктеріне аса қызығушылық танытты. Корме барысында маман дайындау бағыттары, ҚазҰМУ-не оқуға түсу мен құжат тапсыру ережелері туралы кеңестер беріліп, Университет жайлы ақпараттық материалдар таратылды. РФММ мектебінің оқушылары мен ата-аналары ҚР жетекші медицина ЖОО танысу мүмкіндігіне ие болу үшін Университетте болатын Ашық есіктер күніне келуге ниетін білдірді.
Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту
және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасы