ҚазҰМУ студенттері БҰҰ моделі форматындағы пікір-сайыс турниріне қатысты
2025 жылдың 25 ақпан күні «Science week» аясында «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті» ректорат ғимаратының 2-қабатында орналасқан Т. Шарманов атындағы Даңқ залында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің студенттері мен, «Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті» және «Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті» студенттері арасында БҰҰ модельдері форматында пікір-сайыс турнирі өткізілді.
Турнирдің мақсаты – студенттердің аналитикалық ойлау қабілетін дамыту, аргументация дағдыларын және командалық жұмыс істеу қабілеттерін тиімді пайдалануды игеру, қоғамдық мәселелерге қатысты пікір алмасу және халықаралық қатынастарды тереңірек түсіну болып табылады.
Пікір-сайыс барысында студенттер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде белсенді түрде қатысып, әртүрлі елдердің позицияларын қорғап, өз көзқарастарын дәлелдеді. Пікірталас барысында студенттердің жоғары дайындық деңгейі, ұйымдастырылу сапасы және қатысушылардың оқу барысында алған дағдыларын көрсетуге деген ұмтылысы ерекше байқалды. Бұл турнир студенттердің кәсіби дамуына, қоғамдық пікір қалыптастыруға және қазіргі заманғы мәселелерге белсенді қатысуға ықпал ететіні сөзсіз.
Пікір-сайыс турнирі соңында барлық қатысушылар дипломмен марапатталды.