ҚазҰМУ СТУДЕНТТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАН 1-ОРЫН ИЕЛЕНДІ
2024 жылғы 22-23 қарашада Астана медицина университетінің 60 жылдығына арналған «АНАТОМИЯ ӘЛЕМІ – WORLD of ANATOMY» атты cтуденттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми морфологиялық конференциясы және Студенттік халықаралық олимпиада өтті. ҚазҰМУ қалыпты анатомия кафедрасының «Леди» атты командасы олимпиадаға қатысып 1- орын алды.
«АНАТОМИЯ ӘЛЕМІ – WORLD of ANATOMY» олимпиадасының мақсаты:
-
тәжірибе мен идеялар алмасу үшін халықаралық платформа құру;
-
морфология ғылымдарын насихаттау;
-
ортақ ғылыми жобалар мен стартаптарды құруды талқылау мүмкіндігі.
Қатысу формасы: оффлайн/онлайн.
Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
«АНАТОМИЯ ӘЛЕМІ – WORLD of ANATOMY» секциялары:
- Ғылыми секция (студенттер мен жас ғалымдар)
- Морфология (адам анатомиясы) – 1–3 курс студенттері, командада 3-5 студент.
Олипиадаға әр елдерден 7 команда, оның ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Туркия студенттері қатысты. Олимпиада барысында қатысушылар ең алдымен тест сұрақтарына жауап берді. Екінші кезенде «Қара жәшік» ішенен шыққан макро препараттарды, олардың құрылысы мен қызметін, топографиясын, қандануы мен нервтенуін сипаттады. Үшінші кезенде жағдайлық есептерге жауап берді.
ҚазҰМУ атынан «Леди» құрамасында:
-
Кистанова Елизавета Сергеевна (капитан)
-
Сагинай Амина Нурланқызы
-
Тұрмаханбет Аружан Шалқарқызы
-
Токушева Дильшат Сырымовна
-
Масанчи Зара Камильевна
Студенттерді дайындаған жетекшілер:
- Ахмад Нургулим Сагидуллақызы – С.Р. Карынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасынын меңгерушісі
- Байгамысова Динара Сагатпекқызы- С.Р. Карынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасынын т профессор ассистенті
- Балапанова Ардана Алибекқызы – С.Р. Карынбаев атындағы қалыпты анатомия кафедрасынын т профессор ассистенті
Олимпиадаға қатысқан командалар:
- «Карағанды медицина университеті» «Vagus» командасы – ІІІ дәрежелі дипломға ие болды ІІІ дәрежелі дипломға ие болды
- СамММУ Өзбекстан Республикасы «Секреты тела» командасы- ІІІ дәрежелі дипломға ие болды
- Ташкент медицина академиясы «Юнные микробиологи» командасы – ІІІ дәрежелі дипломға ие болды
- Абу Али ибн Сино, атындағы Бухара ММУ, Өзбекстан «Наследники Авиценны» командасы- ІІ дәрежелі дипломға ие болды
- Б.Н. Ельцин атындағы , Кыргызстан-Ресей Славян университеті, Бішкек қаласы , «NaVi» командасы- ІІ дәрежелі дипломға ие болды
- С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Леди» командасы – І дәрежелі дипломға ие болды
- İstanbul Medipol University, İstanbul Türkiye «The Last Anatomybenders» командасына – Grand Pri берілді.
Осы халықаралық олимпиаданы ұйымдастырған КеАҚ Астана медицина университетінің ұжымына, қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі Алмабаева Айгүл Ыдрысқызына, кафедра профессоры Сагимова Гүлзира Қасымжанкызына, лектор Қелдіғулова Үміт Құдайбергенқызына алғысымыз шексіз!
Қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі Ахмад Нұргүлім Сагидоллақызы