ҚазҰМУ студенттері «Хан Қорық» фестиваліне қатысты
С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттері 2017 жылдың 24-30 шілде аралығында Павлодар облысы Баянауыл ұлттық саябағында өткен «Хан Қорық» жастар фестиваліне қатысты. Іс-шара QazaqGeography Қазақстандық Ұлттық географиялық Қоғамының жыл сайын өткілетін дәстүрлі жобасы болып табылады. Биыл Жастар фестивалі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, «Павлодар география үйі» қоғамдық бірлестігі, Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен өткізілді.
Биылғы жылы «Хан Қорық» жастар фестивалі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасын және «Қазақстанның киелі жерлері» жобасын іске асыру аясында өткізілген. Фестивальға 14 Қазақстандық жоғары оқу орнынан және 3 шетелдік университеттен (Ресей мен Монғолия) 140 жуық студент және QazaqGeography географиялық қоғам мүшелері қатысты.
Фестиваль барысында студенттер Қазақстанның танымал археологтарының шеберлік сабақтарына қатысып, Павлодар облысының тарихи-мәдени көрікті жерлерін, табиғи ескерткіштерді аралады. Сонымен қатар Фестиваль аясында ҚазҰМУ студенттері Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында өткен «Туған жер – менің тарихым, менің мәдениетім, менің туған өлкем» атты ғылыми-тәжірбиелік конференцияға қатысты. Баянауыл өлкесінің ең биік тауы Ақбетке шығып, «Кемпіртас» шатқалындағы қола дәуіріндегі мазарларға қазба жұмысынтарына қатысып, «Торайғыр» өзеніндегі аспан астындағы археологиялық мұражайды аралады.
Студенттермен жұмыс жөніндегі басқарма