ҚазҰМУ студенттеріне ЭҮП жұмыс жасауды оқыту.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Цифрлы Қазақстанға» ауысу туралы бағдарламасына сәйкес, ҚазҰМУ кітапханасында университетіміздің студенттері «ЭҮП қалай жұмыс жасауға болатындығын» оқып үйренуде. Бұл жоба ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Республикалық мемлекеттік мекемесі мен Алматы қ. Алмалы аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының бірлескен жұмысы аясында жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда, «Жалпы медицина» Мектебінің барлық курс студенттері толық қамтылып, келесі кезекте «Фармация», «Стоматология», «Х.Досмухамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау» мектептері мен «Халықаралық медицина» факультетінің студенттерін 2018 жылғы ақпан айының соңына дейін оқыту жоспарлануда. Аталмыш «connecting point» жобасы Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен өткізіліп жатыр.