ҚазҰМУ танысу – құрамына қандай ұйымдар кіреді
Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің құрамында 7 мектеп пен факультет бар, олар — жалпы медицина мектебі, Х. Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебі, стоматология мектебі, фармация мектебі, педиатрия мектебі, халықаралық факультет және дипломнан кейінгі білім беру факультеті, 68 кафедра, төрт университеттік клиника – «Ақсай» клиникасы, профессорлық клиника, ішкі аурулар клиникасы — стоматологиялық клиника және 118 клиникалық базасы бар.
Сондай-ақ, университетке бес ғылыми орталық пен ғылыми – зерттеу институттары кіреді – «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты», «Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы», «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы», «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» және «Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы».
Бұдан басқа ҚазҰМУ Орал мен Таразда екі филиалы бар. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ) 2021 жылы Оралдағы жоғары медициналық колледжін сенімгерлік басқаруға алды. 2020 жылдың соңында ҚазҰМУ филиалы Тараз қаласындағы Жамбыл жоғары медициналық колледжінің базасында ашылды. Алғашқы кезде 100 жуық адам оқытыла бастады.