ҚазҰМУ тарапынан 150 мыңға жуық медициналық қызмет көрсетілді — Нұрғожин
2019-2020 оқу жылында ҚазҰМУ оқытушы- профессорлық құрамының күшімен 149 175 медициналық қызмет көрсетілді. Бұл туралы ҚазҰМУ ректоры Талғат Нұрғожин халыққа есеп беру кездесуінде мәлім етті.
2019-2020 оқу жылында университет оқытушылары 4 университеттік клиникада, Алматы қаласының және университеттің клиникалық базасы болып табылатын өңірлердің 106 Денсаулық сақтау ұйымдарында: 49 емханада, 53 стационарда, 4 перзентханада студенттерге практикалық оқыту жүргізді.
Оқытушы-профессорыққұрам 2019-2020 оқу жылында 42 клиникалық кафедрадан 596 маманнан құралды. Клиникалық кафедралардың меңгерушілері, профессорлары, доценттері, ассистенттері бөлімдердегі ауыр науқастарға жетекшілік етті (25 мыңнан астам), рецензент ретінде қатысты (2 336), стационарларда 8 мыңнан астам жоспарлы аралауды өткізді, күрделі науқастардың консилиумдарына қатысты (6835), 4500-ден астам операция жүргізді, 1535 клиникалық талдауға қатысты, 56 мыңнан астам пациентке кеңес берді.
Сондай-ақ университет оқытушылары Алматы қаласы бойынша 4020 және Алматы облысы бойынша 338 тәуелсіз медициналық сараптама өткізді, 108 сот-медициналық сараптамаға қатысты. Санитариялық авиация бойынша 27 күндізгі, телемедицина нысанында 15 консультация берілді. COVID-19 пандемиясымен күрес кезеңінде оқытушы-профессорық құрам Алматы қаласында ұйымдастырылған инфекциялық және провизорлық центтердің жұмысына белсенді қатысты.