ҚазҰМУ түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 99 пайыздан жоғары
2023 жылы 2490 түлекке дипломдар табысталды. Олардың ішінде 985 интерн, 493 резидент, 107 магистрант, 56 докторант және 849 бакалаврлар бар.
Мамандардың басым көпшілігі – 780 интерн жалпы практика дәрігері мамандығын алды. Екінші орында фармацевтикалық өндіріс технологиясының бакалаврлары – 468 адам. Саны бойынша үшінші орынды стоматология интернатурасының 205 түлегі, ал төртінші орынды мейірбике мамандығы бойынша 171 бакалавр иеленді.
Түлектердің басым бөлігі 1295 адам жұмыспен қамтылды. 1112 түлек өз бетімен жұмысқа орналасты, тағы 56 түлек халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасты. Айта кеткен жөн, 2490 түлектің 1461 гранттар бойынша және 158 ауылдық квота бойынша білім алды.
2023 жылғы ҚазҰМУ түлектерінің арасында басқа елдердің 27 азаматы бар, олардың көбі интернатурада білім алған – 17 адам.
2023 жылдың көктемінде өткізілген ҚазҰМУ Бос орындар жәрмеңкесінде ұсынылған жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес биыл Қазақстанда 3450 медицина маманына қажеттілік байқалады. Ең сұранысқа ие – терапевттер, педиатрлар және акушер-гинекологтар.
Жыл сайын медициналық мекемелердің өкілдері жоғары еңбекақы, тұрғын үй, жеңілдікпен несиелер мен ипотека, сондай-ақ қаржылық қолдау ұсына отырып, тіркелген мамандарды тарту үшін Университеттің бос орындар жәрмеңкесіне келеді.