ҚазҰМУ Түркияның жетекші университеттерімен ынтымақтастықты арттыруда
ҚазҰМУ-да ЖОО басшылығының Түркиядағы Эрджиес университетінің Генкок ғылыми орталығының директоры, профессор Юсуф Озкулмен кездесуі өтті. Профессор Юсуф Озкул – медициналық генетика кафедрасының оқытушысы, сонымен қатар Түркиядағы ең ірі зерттеу орталығы болып табылатын геном және дің жасушалары институтының негізін қалаушы және директоры – www.qenkok.com. Онда 250 қызметкер жұмыс істейді және қазіргі уақытта 380-ден астам ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Кездесудің басты күн тәртібі ынтымақтастықты одан әрі арттыру, атап айтқанда студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы мәселелерін талқылау болды. Меморандум шеңберінде оқулықтарды, ғылыми жарияланымдарды, оқу жоспарларын және басқа да оқу материалдарын ұсынуға және алмасуға көмек көрсету көзделетін болады. Бұдан басқа, бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары; оқыту және зерттеу әдістемесін күшейту мақсатында оқыту материалдары; конгрестерді, конференцияларды, симпозиумдарды, семинарлар мен практикумдарды бірлесіп ұйымдастыру жоспарланған.
Ақпараттық анықтама
Түркияда 8 миллионға жуық студент оқитын 206 университет бар.
Жоғары білім кеңесі (Y0K) әр 4 жыл сайын зерттеу университеттері ретінде ең табысты 10 университетті таңдайды. Рейтингке сәйкес Эрджиес университеті Түркиядағы ең үздік 10 университеттің қатарына кіреді.
Онда 53 мың студент оқиды және 7 мың қызметкер жұмыс істейді.
19 факультет, оның ішінде медицина факультеті.
Медицина факультеті Эрджиес университетінің ең маңызды факультеті болып табылады
Медицина факультетінде 7 клиника бар: 1 бас клиника, 2 Балалар клиникасы, неврология, кардиология, сүйек кемігін трансплантациялау клиникасы, ересектерге арналған онкологиялық клиника және балалар онкологиялық клиникасы.
40-тан астам зерттеу орталықтары.