«ҚазҰМУ хабаршысы» журналы Russian Science Citation Index – Web of Science Group деректер базасына енді
«ҚазҰМУ хабаршысы» журналы Russian Science Citation Index – Web of Science Group деректер базасына енді
Russian Science Citation Index (RSCI) – Web of Science платформасында орыс тіліндегі ең ықпалды ғылыми журналдардың деректер базасы – Clarivate Analytics және Ғылыми электрондық кітапхананың бірлескен жобасы (eLibrary.ru). Бүгінгі таңда RSCI барлық ғылыми бағыттар бойынша орыс тілінде шығатын 800-ден астам жетекші журналдардың жарияланымдары мен дәйексөзділігі туралы ақпаратты қамтиды. RSCI базасындағы барлық ақпарат екі тілде – орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.
«ҚазҰМУ Хабаршысы» журналы 2007 жылы құрылған. Журнал жылына 4 рет шығады. Аталмыш журнал Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынатын ғылыми баспалар тізбесіне кіреді. Материалдар қазақ, орыс, ағылшын тілінде қабылданады.