«ҚазҰМУ Хабаршысы» журналы ҒЖБССҚК тізбесіне енгізілді
Құрметті әріптестер мен білім алушылар!
Сіздерге керемет жаңалықты қуана хабарлаймыз! 2024 жылғы 5 тамыздағы №673 бұйрығымен «ҚазҰМУ хабаршысы» рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журналы, ҚазҰМУ КеАҚ баспасында, бас редактор, ректор, м.ғ.к. Шоранов Марат Едігеұлының басшылығымен шығарылатын журнал, Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілді.
«ҚазҰМУ хабаршысы» рецензияланатын медициналық ғылыми-практикалық журналы 2007 жылы негізі қаланған. Журналдың ең аз шығу жиілігі жылына 4 рет. Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.
Толық ақпаратты журнал сайтынан таба аласыз: https://vestnik.kaznmu.edu.kz/about.php