ҚазҰМУ-ға 3 мыңнан астам бірінші курс студенттері қабылданды (фоторепортаж)
Болашақ дәрігерлердің ең үздік университетінде бірінші курс студенттерін қабылдау кеші өтті. ҚазҰМУ-да биылғы жылы медициналық мамандарды оқыту үшін 3028 адам студент қатарына қосылды, олардың 990–ы мемлекеттік білім беру грантын жеңіп алса, 383 студент алыс-жақын шет елдердің азаматтары.
Бірінші курстарға арналған қабылдау рәсімі университет ректоратының алдындағы алаңда өтті. ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов жаңа өмірге қадам басқан жастарға арнаған сөзінде барлық бірінші курс студенттері жеңімпаз болып табылатынын айтты. Бірақ, Қазақстанның жетекші медициналық университетінің студенттері атағын иелену абыройын тұрақты табандылықпен, біліммен және оқудағы жетістіктермен растау қажет екенін де атап өтті.
«ҚазҰМУ студенті болу – барлық уақытта беделді болу. Жыл сайын студенттердің бәсекеге қабілеттілігі де артып келеді. Біздің университетке түсу жыл сайын қиындай түсуде. Сіз өмірдің үлкен байқауын жеңіп, жеңімпаз атандыңыз, Асфендияров студенті болдыңыз. ЖОО-да оқудың алғашқы айлары артта қалып, бүгін біз сіздерді Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттеріне – ең көрнекті дәрігерлердің қара шаңырағына қабылдануыңызды ресми түрде атап өтеміз. Осы күннен бастап сіз үлкен бауырластыққа кіресіз, бір үлкен медициналық отбасының, ұлтқа, дінге, әлеуметтік айырмашылығына қарамайтын үлкен әулеттің мүшесі боласыз. Бірақ бір мақсат бар – адамдарға қызмет ету және емделушілерге көмектесу», – деді университет ректоры.
Қабылдау рәсімі дәстүрлі түрде Гиппократқа ант қабылдаудан басталып, университеттің талантты музыкалық және би ұжымдарының өнері көрсетумен жалғасты және ашық аспан астындағы дискотекамен аяқталды.