«ҚазҰМУ-ға 85 жыл: жетістіктері және келешегі» конференциясы өткізіледі
ПРЕСС РЕЛИЗ
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 85-жылдық мерейтойын тойлайды. 2015 жылдың 2-4 желтоқсанда Дәстүрлі Университет Күндері аясында халықаралық қатысумен «ҚазҰМУ-ға 85 жыл: жетістіктері және келешегі» конференциясы өткізіледі. Бағдарламада:
2-желтоқсан –10 іс-шараны қамтитын «Түлектер мен студенттер күні» және ҚазҰМУ Үнді мәдени орталығының ашылуы.
3-желтоқсан – медицина және білім беру салаларында қызмет ететін әлемдік деңгейдегі мамандарының толық сессиясы: проф. Дэвид Гордон, Медициналық білім берудің әлемдік федерациясының президенті; Тимоти Спектор, медицина докторы,Корольдік колледждің генетикалық эпидемиология профессоры, Ұлы Томас госпитальындағы егіздерді және генетикалық эпидемиологияны зерттеу департаментінің директоры (Ұлыбритания, Лондон); Бохумил Сейферт, қауымдастырылған профессор, м.ғ.д., философия докторы, 1-ші Медицина факультетінің Жалпы тәжірибе бөлімінің бастығы, Карлов университеті, Прага. Бұл күні серіктес ЖОО-мен «Медициналық білім берудің мәселелері және жағдайы» атты дөңгелек үстелі және «ҚазҰМУ түлектерінің денсаулық сақтау мен білім беруді дамытуға қосқан үлестері» түлектер ассоциациясының форумы және «Антибиотиктерді орынды қолдануды жетілдіруде фармацевттіңрөлі» мастер-классы өткізіледі.
4-желтоқсан – «Факультеттер күні»Швеция, Ұлыбритания, Польша, Чехия, Жапония, АҚШ, Канада, СловенияжәнеТМД елдерінен келген шетелдік және отандық ғалымдардың қатысуымен 4 халықырылық конференциялар өткізіледі: «Университеттік ғылымның жетістіктері және келешегі», «21 ғасырдың медицинасы: болашаққа деген көзқарас», «Клиникалық фармация: Қазақстан денсаулық сақтаудағы дамудың ерекшеліктері және халықаралық тәжіибелер», «21 ғасырдағы қоғамдық денсаулық сақтау мен профилактикалық медицинаның келешегі». Біріктірілген Университет Клиникасында Жапония және Македония клиникалық мамандарының тәжірибесін көрсетумен қант сусамыры, тамырлы хирургия және гепатологияның өзекті мәселелері бойынша 3 дөңгелек үстел өткізіледі.
Мерейтойлық іс-шараларда 20-дан аса ҚазҰМУ-дың ЖОО-серіктестіктері, 60 шамасында шетел ғалымдары, денсаулық сақтаудың аймақтық делегациялары, ҚР Үнді және Иордания елшіліктері, ҚР ДСжӘДМ және БжҒМ қатысулары жоспарлануда. «Универсиет Күндерін» өткізу кезінде ҚазҰМУ аумағында фармация өндірушілерінің және медициналық жабдықтардың өнімдерінің көрмесі ұйымдастырылады. 3 және 4 желтоқсандағы іс-шаралар G-Global порталында орналастырылады.
Іс-шараларды өткізу туралы ақпарат БАҚ-та кең жарияланады.
«Университет Күндері» өткізу мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Төле би,94. Конференция бағдарламасы Университет www.kaznmu.kz веб-сайтында орналастырылады.