ҚазҰМУ-ға профессор Фернандо Скаглия «Визитинг-профессор» бағдарламасы аясында келеді
Профессор Фернандо Скаглия 11-17.03.2026 аралығында Н.А.Барлыбаева атындағы балалар аурулары кафедрасына «Визитинг профессор» бағдарламасы аясында келеді.
Профессор Фернандо Скаглия – АҚШ-тың Хьюстон қаласындағы Бэйлор медицина колледжінің тұқым қуалайтын метаболикалық және митохондриялық аурулар бойынша жетекші сарапшысы. Ол Бэйлор медицина колледжінің молекулалық медицина кафедрасының директоры, митохондриялық аурулары бар науқастарға арналған жаңа терапияларды әзірлейтін халықаралық клиникалық сынақтардың бас зерттеушісі және 280-нен астам ғылыми жарияланымдардың авторы (h-индексі 63).
Профессор Фернандо Скаглия бағдарламада көрсетілген тұқым қуалайтын аурулар бойынша дәрістер топтамасын оқиды:
| Күні | Өткізу орны мен уақыты | Мекен-жайы (Алматы қ.) |
| 11, 16 наурыз | Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы, (конференц-зал, 2 қабат), 09.00. | Әл-Фараби даңғылы 146 |
| 12-13 наурыз | «Барлыбаев оқулары 2026» халықаралық конференция | Apart Hotel «RAAVAH», микроаудан
Жетысу -2, 69\3 |
| 17 наурыз | С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті. Академик Шарманов атындағы Даңқ залы | Алтынсарин даңғылы 54 |
2026 жылдың 13 наурызында «Барлыбаев оқулары 2026» халықаралық конференциясы аясында профессор «Педиатриялық тәжірибедегі митохондриялық аурулар» тақырыбында шеберлік сабағы өтеді. Сертификаттар беріледі.
Профессордың сапары аясында тұқым қуалайтын метаболикалық аурулары бар науқастарға кеңес беру жоспарлануда. Педиатрияның басым бағыттары бойынша әлеуетті ғылыми ынтымақтастық, сондай-ақ халықаралық рецензияланатын журналдарда жариялау белсенділігін арттыру талқыланады.


