ҚазҰМУ Қаскелен қаласында кәсіби бағдар беру форумында
2017 жылдың 3 наурызында Қаскелен қаласының Мәдениет үйінде Алматы облысы Қарасай ауданы және Қаскелен қаласының жалпы білім беру мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларына арналған Республикалық «Современное образование» журналының редакциясы, Алматы облысы білім беру басқармасының ұйымдастырумен жоғары оқу орындарының көрмесі және кәсіби бағдар беру форум өтті.
Университеттің Республикалық «Современное образование» журналының редакциясымен бірлескен жұмысы аясында кафедра оқытушылары, факультет студенттері және Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасының қызметкерлері кәсіби бағдар беру іс-шарасына қатысып, Алматы облысының Қарасай ауданы және Қаскелен қаласының жоғары сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
Форум басталғанға дейін болашақ талапкерлерге университеттер туралы ақпараттық материалдарды алу мүмкіндігін берген ЖОО көрмесі ұйымдастырылды, көрме барысында іс-шара қонақтары Университет өкілдерімен танысты. Форум қатысушыларына «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» фильмі көрсетілді. «Дәрілік заттар технологиясы технологиялық пәндер курсымен, инженерлік пәндер курсымен» кафедрасының «Технологиялық пәндер» курсының жетекшісі Қожанова К.К. («Фармация және фармацевтикалық өндіріс технологиясы» факультеті), «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының доценті Айтмағанбетова А.А. «Х.Досмухамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау, медициналық-профилактикалық іс, мейірбике ісі және менеджмент» факультеті), «Жалпы медицина» факультетінің студенттері Мәмбет Ержан және Оңалбек Ботагөз оқушыларға университеттің факультеттері мен мамандықтары туралы презентацияларын таныстырды. Қабылдау, кәсіби бағдар беру, студенттерді дамыту және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасының жетекші маманы Абжанова К.К. оқушылардың ҚазҰМУ маман дайындау бағыттары туралы сұрақтарына жауап берді, сонымен қатар Университет туралы ақпараттық материалдар таратылды.
Кәсіби-бағдар, студенттерді дамыту және бітірушілерді
жұмыспен қамту орталығы