ҚазҰМУ өзінің ғылыми әзірлемелерін ұсынды
Бүгін Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Санат Жолдыханұлы Аханов келді.
Сапардың басты мақсаты – болашақта өнеркәсіптік өндіріс деңгейіне дейін дамытуға болатын коммерциялық тартымды жобаларды анықтау үшін университет ғалымдарының, оқытушыларының, дәрігерлерінің және фармацевттерінің ғылыми әзірлемелерімен танысу.
ҚазҰМУ ғалымдары тамақ өнеркәсібіндегі, стоматологиядағы бірегей әзірлемелерді, білім беру үдерісіндегі инновациялық технологияларды, онкологиялық ауруларды диагностикалауды, фармациядағы және протездеудегі жобаларды таныстырды.
«QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты болып табылады.
QazInnovations негізгі миссиясы елдің инновациялық және технологиялық әлеуетін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.