ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ
ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫ АҚ
Білім алушылар назарына!
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі- Заң)47-бабының 17-тармағына сәйкес ауыл (село) жастары қатарынан шыққаназаматтарға берілетін квота шегінде ауылдың әлеуметгік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша оқуға түскен білім беру грантының иегерлеріауылға (селоға), ауылдық (селолық) округке (бұдан әрі-ауылдық жерге) жұмысқажіберіледі.
Заңның 47-бабының 1.7-тармағында көрсетілген тұлғаларды (бұдан әрі–жасмамандар) ауылдық жерге жұмысқа жіберу тәртібі және оларға өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №390 каулысымен бекітілген Мамандарды жұмысқа жіберуқағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар) көзделген. Осы Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасына және 14-тармағының 2) тармақшасына сәйкесжоғары оқу орындары жыл сайын, 15 сәуірден кешіктірмей білім беру саласындағыуәкілетті органға ауыл (село) жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетінквота шегінде оқуға түскен түлектердін, мемлекеттік білім беру тапсырысынегізінде философия докторларын (РhD)даярлау бағдарламасы бойыншадокторантураға окуға түскен және ағымдағы жылы оқуды бітіретін тұлғалардың тізімін-жібереді.
Жас мамандарды ауылдық жерлерге жұмысқа бөлу бойынша өткен жылдардағытәжірибені ескере отырып, ағымдағы жылы оқу бітіретін мамандарменжасалғанбілім беру қызметтерін көрсету туралы шарттардың бар болуына ерекше назараударуды сұраймыз. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылымминистрінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы №621 бұйрығымен бекітілеген білімберу қызметтерін көрсету туралы шарттың үлгілік нысанына сәйкес жас маманменжасалған білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттарда міндетті түрде олардың Заңда көзделген жұмысты өтеу міндеті, соңдай-ақ оны орындалмағаны үшінжауапкершілік көзделуі тиіс екенін хабарлаймыз (Шарттың 4-тармақтың 9)тармақшасы және 13-тармақ).
Сонымен бірге, білім беру саласындағы уәкілетті органның сенім білдірілген агенті тарапынан жұмысты өтеу бойынша өз міндетін орындамай жүрген жас мамандардың тұрғылықты орындарын, мекенжайларын анықтау бойынша қолданылатын шараларының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түскен және ағымдағы жылы оқу бітіретінжас мамандар мен философия докторлары (РhD) туралы бар байланыс деректерін жіберуді сұраймыз. Оның ішінде:
– жас маманның жоғары оқу орынға түскенге дейінгі және қазіргі тұрғылықты орны жатақханалар мен қаладағы жалға алынғанбаспаналардың мекенжайларынан басқа (толық мекенжайын көрсету: облыс, аудан, ауыл (село), көше, үй);
– жас маманның, сондай-ақ жас маманмен байланыс орнатуға болатын оныңжақын туыстарының (ата-анасы, аға/бауырлары, жұбайы/зайыбы және т.б.) байланыс телефондары (ұялы және үй телефондарының нөмірлерін көрсету),
Жас маман оқудан шығарылғанда, басқа ЖОО-ға ауысқанда, оқуға түспей қалғанда және басқа да жағдайларда бұл фактілерді растайтын тиісті құжаттарды (бұйрықтардан үзінді көшірмелер, түсіндірме жазбалар және т.с.с.)қоса тіркеуді сұраймыз.
Осылардың негізінде оқу бітіретін және ауылды жерге жұмысқа бөлуге жататын жас мамандарға, философия докторларына (РhD) аталған материалдарды 2015 жылдың 01 ақпанына дейінгі мерзімде ұсынуды сұраймыз. Материалдарды электрондық тасымалдауышта: [email protected], [email protected], [email protected] қағаз түрінде: Астана қ., Орынбор көшесі., 18 (3-қабат, Білім беру кредиттерінің және жас мамандарды жұмысқа орналастырудың мониторингі департаменті) мекенжайлары бойынша жіберу қажет.
Сонымен қатар, талапкерлердің, «ауылдық квота» негізінде білім беру грантын иеленген студенттердің және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқитын философия докторларының (РhD) Қазақстан Республикасы заңнамасының білім беру саласындағы нормалары жөнінде ақпараттану деңгейін арттыру мақсатында ақпараттық материалдарды (лифлеттер мен плакаттар) жолдаймыз және оларды оқу орынның ғимаратында орналастыру және талапкерлердің студенттердің философия докторларының (РhD) арасында тарату мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз (бар болған жағдайда).
Барлық сұрақтар бойынша 8 /7172/ 65-50-57, 8707 769 50 55 телефондарына хабарласыңыздар.
Оқу-әдістемелік бөлім