Қарттарым-асыл қазынам
Қария – ағып жатқан дария, телегей теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы, дарияның тазалығы қандай болса, біз де өздеріңізді сондай деп білеміз. Ақсақал-әжелер – халықтың тұнып тұрған хаты. «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керек-ті.
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі.
Осы мереке аясында жалпы медицина -1 мектебінің студенттері «Қарттарым-асыл қазынам» атты мерекелік іс-шарасымен «Жайлы үй» атты қарттар үйіне барып құттықтап қайтты.
Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсатымыз – әлеуметтік жағынан аз қорғалған қарт адамдарға, аға буын жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге көңіл бөлу, қайырымдылық көмек көрсету.
Қарттары бар ел – бақытты ел, байыпты ел. Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман жүрсін!