Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі 1 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырды
11.09.2025ж Халел Досмұхамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің деканы Ардақ Нұрбақытқызы мен декан орынбасары Авгамбаева Нағима №8 жатаханаға барып, мектепке қарасты мамандық студенттермен кездесіп қайтты. Кездесу барысында жатаханада тұру ережелерімен таныстырып, студенттердің хал-жағдайларымен танысты.
Сондай-ақ, студенттер университет тарапыннан екі күн қатарынан өткізілген «Заң және жастар: құқық бұзушылықтың алдын алу. Лудомания мен игромания: студенттерге төнген қауіп» тақырыбында өткен екі күндік дәрістерден алған әсерлерімен бөлісті.