ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы №78 қаулысымен Цой Алексей Владимирович ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады бүгін министрліктің баспасөз қызметі.
Ол 1996-1997 жылдары SELS college London (Ұлыбритания) оқу орнында оқып, 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік медициналық академиясын, 2007 жылы — «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес институтын, 2015 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдады.
2002-2004 жылдары Республикалық клиникалық аурухананың, Астана қаласы Ұлттық ғылыми медициналық орталығының (ҰҒМО) эндоскопист-дәрігері қызметін атқарды.
2004-2007 жылдары ҰҒМО аға ғылыми қызметкері, эндоскопист-дәрігері, докторанты болды. 2007-2008 жылдары Астана қаласындағы ҚР Президентінің Іс басқармасының Медициналық орталығы Заманауи технологияларды енгізу орталығының директоры қызметін атқарып, 2008-2010 жылдары аталған орталықтың директоры болды.
2010-2011 жылдар аралығында Астана қаласындағы ҚР Президентінің Іс басқармасының Медициналық орталығы басшысы қызметін атқарды.
2011 жылы Астана қаласы №1 Қалалық ауруханасының бас дәрігері қызметіне тағайындалды. Алексей Цой аталған қызметті 2014 жылға дейін атқарды.
Алексей Цой медицина ғылымдарының кандидаты, іскерлік әкімшілік докторы.
Сілтеме: https://www.egemen.kz/2017/02/20/103268