ҚР ДСМ ҚДСҰО қызметкерлерімен қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының оқытушыларымен кездесу
07.10.2024 жылы ҚР ДСМ «ҚДСҰО» ШЖҚ РМК базасында «Білім беру объектілерін бақылауды ұйымдастыру бойынша санитарлық-гигиеналық талаптар» тақырыбында әдістемелік ұсынымдар әзірлеу мақсатында Алматы қаласы білім беру мектептерінің қолданыстағы санитарлық нормалары мен стандарттарына сәйкестігін бағалау бойынша бірлескен жобаны талқылау бойынша қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының ПОҚ-мен кездесу өтті.
Кездесуге ҚДСҰО Басқарма төрағасының орынбасары М.А. Смағұл, Х. Жұматов атындағы ҰГжЭО филиал директорының м.а. Е.Ж. Сыдыманов, «Гигиена және экология» профилактикалық медицина зертханасының аға ғылыми қызметкерлері А.Т.Досмұхаметов, З.А. Саттаров, қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі Ж.А. Қожекенова, ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессор А.К. Текманова, лектор М. А. Рамазанова қатысты.
Кездесу барысында жобаның басым ұйымдастырушылық мәселелері, әдістемелік ұсынымдардың негізгі бөлімдері талқыланды. Жалпы білім беретін мектептерде зерттеулер жүргізу мерзімдері белгіленді және екіжақты ынтымақтастық жөніндегі алдағы жоспарлар белгіленді.