Құрметті КазНМУ студенттері!
Сіздерді 28 ақпан 2025 жылы сағат 9:00-17:00 аралығында CANCORDIA мекен-жайында өтетін Жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырамыз!
Бұл студенттерге әлеуетті жұмыс берушілермен танысуға, стажировкалар, вакансиялар және медицина саласындағы еңбек мүмкіндіктері туралы ақпарат алуға тамаша мүмкіндік. Жәрмеңке барысында сіздер:
– Жұмыс берушілермен сұхбаттасуға мүмкіндік аласыз.
– Медицина мекемелеріндегі карьералық мүмкіндіктер туралы біле аласыз.
– Жұмыс іздеу және мансапты дамыту бойынша пайдалы кеңестер ала аласыз.
– Келешек жұмысқа орналасу үшін байланыстар орната аласыз.
Құнды мүмкіндікті жіберіп алмаңыз, табысты мансапқа алғашқы қадам жасаңыз!
Жұмыс орындары жәрмеңкесінде сіздерді күтеміз!