Құрметті ҚазҰМУ білім алушылары! С.Ж. Асфендияров және М. Мәметова атындағы шәкіртақыларға конкурс жарияланады.
С.Ж. Асфендияров және М. Мәметова атындағы шәкіртақыларға конкурс жарияланады.
Конкурсқа барлық мектептер мен факультеттердің 2–6 курс студенттері (бакалавриат және интернатура) қатыса алады.
Негізгі талаптар:
- GPA көрсеткіші 3.5-тен төмен болмауы тиіс
- академиялық берешектің болмауы
- ғылыми және практикалық қызметке белсенді қатысу
Қажетті құжаттар:
- CV / түйіндеме
- ғылыми жарияланымдар тізімі
- қалалық, республикалық және халықаралық конференцияларға қатысқанын растайтын сертификаттар
- мотивациялық хат (қазақ/орыс/ағылшын тілдерінде, көлемі 750 сөзден аспауы тиіс)
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2026 жылғы 17 сәуірге дейін (18:00-ге дейін)
Құжаттар деканаттар арқылы қабылданады.




