Құрметті ҚазҰМУ білім алушылары! ҚазҰМУ Басқарма төрағасы – ректоры Шоранов Марат Едігеұлы жеке шәкіртақысына конкурс жариялайды!
Жалпы ережелер
1.1. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті әрбір оқу жылына конкурстық негізде бір шәкіртақы – «ҚазҰМУ Басқарма төрағасы-ректор шәкіртақысы» (бұдан әрі – «Шәкіртақы»), Қазақстан азаматтары болып табылатын 3 курстан бастап 7 курсқа дейін барлық мамандықтардың оқу үлгерімі жақсы, практикалық, ғылыми-зерттеу қызметінде жетістіктері бар студенттері үшін бекітіледі.
1.2. «Шәкіртақы» оқу жылының қыркүйек айынан бастап беріледі.
1.3. «Шәкіртақы» бакалаврлар мен интерндерге конкурстық негізде беріледі (грант, келісім).
Ескерту: шәкіртақы ақылы негізде келісім-шарт бойынша білім алатын студенттерге ҚазҰМУ алдында қаржылық қарызы болмаған жағдайда беріледі.
1.4. «Шәкіртақыны» тағайындау критерийлері:
- жоғары рейтингтік балл, GPA 3,5 төмен емес;
- академиялық қарыздың болмауы;
- практикалық, ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысу (үйірмелердегі жұмыс, жарияланған мақалалардың, тезистердің болуы, ғылыми, ғылыми және практикалық семинарларға, симпозиумдар мен конференцияларға баяндамалармен қатысу).
1.5. Үміткерлер өтініш берген білім алушылар арасынан таңдалады.
1.6. Өтініш берушілерді іріктеуді Комиссия жүзеге асырады.
2.1. Конкурсқа ұсынылатын құжаттар:
- түйіндеме немесе CV;
- хирургия саласындағы конференциялар, семинарлар бағдарламалары мен басылымдардың басып шығарулары қоса берілген басылымдар тізімі;
- хирургия саласындағы халықаралық, республикалық, қалалық ғылыми конференцияларға, жазғы және қысқы мектептерге қатысқанын растайтын сертификаттар;
- 750 сөзден аспайтын мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі мотивациялық хат;
Арнайы шарттар
3.1. Жеке стипендияны төлеу келесі жағдайларда тоқтатылуы мүмкін:
- оқушылардың үлгерімінің төмендеуі;
- академиялық қарыздың болуы;
- академиялық демалыс бергенде;
- студенттің 6 айдан астам ұзақ мерзімді іссапарында;
- Университеттің ішкі тәртібін бұзған жағдайда;
- студент әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылған кезде;
Құжаттар деканаттарға 2024 жылдың 16 қыркүйегіне дейін (қоса алғанда) сағат 18:00 дейін жолдануы қажет.