Үш жақты келісім-шарт бойынша білім алушылармен кездесу
2019 жылы 12 қараша күні С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің интернатура және резидентура факультетінің деканаты «Конкордия» театрында 7 курс интерндерімен және резидентура тыңдаушыларымен кезекті кездесуін өткізді. Кездесуде қозғалған мәселе Университет, түлек және жұмыспен қамтамасыз етуші емдік мекемелер арасындағы үш жақты келісім-шарт туралы болды. Кездесуге факультет деканы, деканат қызметкерлері және Студенттерді қабылдау, кәсіби бағдар беру басқармасы қызметкерлері қатысты. Кездесуде интернатура және резидентура факультетінің деканы З.М.Жанкалова сөз сөйледі. Факультет деканы және Студенттерді қабылдау, кәсіби бағдар беру басқармасы қызметкерлері интерндер мен резидентура тыңдаушыларының қойған сұрақтарына нақты жауаптар берді.