Үштілділікті дамыту – Қазақстанның жарқын болашағына бастар даңғыл жол
Үштілділікті дамыту – Қазақстанның жарқын болашағына бастар даңғыл жол. Бұл бастама Тұрақты даму мақсаттарының, соның ішінде «Сапалы білім» (4-мақсат) және «Тұрақты даму үшін әріптестік» (17-мақсат) қағидаттарымен өзара үндесіп, жаһандық білім кеңістігіне кірігуге және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жол ашады. Білімді, бәсекеге қабілетті, әлемге ашық ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің маңызды міндеті.
Осы бейнеролик микробиология, вирусология кафедрасында үштілділік саясатының жүйелі әрі белсенді түрде жүзеге асырылып жатқанын айқын көрсетеді. Видеоны түсіруге кафедраның эдвайзерлік топтары мен профессор-оқытушылар құрамы бірлесе атсалысты.
Қазақ тілі – ұлттық болмысымыздың тірегі, орыс тілі – көпұлтты қоғамдағы өзара түсіністіктің көпірі, ал ағылшын тілі – ғылым мен әлемдік кеңістікке, халықаралық ғылыми қауымдастықпен ықпалдасуға жол ашатын кілт.


